Аудан тұрғындары Жолдауды қолдап, талдау жүргізді. Дөңгелек үстел бағытында өткен жиынға қатысқандардың қарасы қалың болмағанымен, ортаға орамды ойлар салынды.
Сөз барысында ауданға қатысты Жолдаудың негізгі бөлімдері сөз болды. Әсіресе, жастардың дертіне айналған нашақорлық пен лудоманияның алдын-алу бойынша бірқатар шараларды қолға алыну керектігі баса айтылды. Одан бөлек, экологияға да аса мән бәру керек. Себебі, ауданымыздағы кей жағалаулардың жағасына барсаңыз, қоқыстан көз аша алмайсыз. Қанша жерден мердігер мекемелер тазалық жұмыстарын, еріктілер сенбілік жүргізсе де, әр адам артынан тазалап, туған жер табиғатының қадірін жете түсінбесе, мәселенің шешілуі екі талай. Құқық бұзушылыққа байланысты да ел Президенті дөп сөз айтты. Елдің ертеңі жарқын болуы үшін ең бірінші Әділетті Қазақстан орнауы керек. Ол жолда тек қана ел Президенті Қ.Тоқаев қана емес, барлық бұқара біріге жұмыс жасауы тиіс.
Өз тілшіміз
сурет: ашық дереккөз