ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң ментәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауында көптеген келелі мәселелер көтерілген болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Ардагерлер Кеңесінің Төрағасы, Каспий маңы академиясының академигі Шахман Нағимовтың пікірінше, Жолдауда айтылған мақсат-міндеттерді орындау уақыт күттірмейді.
– Біз бүкіл отбасымызбен бірге еліміздің дамуы үшін аса маңызды осы Жолдауды мұқият тыңдап шықтық, - дейді ол. – Жолдаудың басында Мемлекет басшысы Парламенттің екі палатасының соңғы жылы жемісті еңбек еткеніне тоқталып, екінші сессияның өзінде ғана еліміздің дамуы үшін аса маңызды 102 заң қабылдағанын атап өтті. Әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлініп, Ұлттық қордан олардың есепшотына қаржы аудару жөнінде заңның қабылданғанын айтты. Азаматтардың мойынында несиелер жүгін жеңілдету туралы заң да дұрыс екені атап өтілді.
Сонымен қатар, Президент Әділетті Қазақстанның құрылып жатқанын атап өтті. Инфляция баяулап, оның 2,5 есе төмендегені айтылды. Еліміздің халықаралық резерві 100 миллиард доллардан асқан. Жолдауда Қ.Тоқаев елдің экономикасын, банклер мен салық жүйесін, жол мәселесі мен білім саласын, денсаулық сақтау ісін, атом энергетикасын дамытуға байланысты 9 бағытты көтеріп, оларды шешудің оңды жолдарын егжейлі-тегжейлі түсінікті тілмен баяндап берді.
Атыраулықтарды мазалайтын мәселенің бірі – жол құрылысында оң өзгерістердің болатыны біздің көңілімізге қуаныш ұялатты. Биылғы жылдың өзінде ғана Қақстан бойынша 12 мың шақырым жол күрделі жөндеуден өтетін болды. Бұдан бөлек, әскерге алынған балалардың денсаулығына әскери басшылықтың тікелей жауапты екені де баса айтылды.
«Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел. Сондықтан біз өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек» деді Қ.Кемелұлы.
Осы орайда, Жолдаудағы осы сөздер атыраулық азаматтарға да зор жауапкершілік жүктейді деп есептеймін.
Алпамыс Хасанұлы,
ардагер ұстаз