Жолдау - жаңа мүмкіндіктер жолы

(0 Votes)

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауы – елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси және құқықтық дамуына тың серпін беретін маңызды құжат болып табылады.

Жолдауда ел Президенті мемлекет алдында тұрған кешенді мәселелерге тоқталып, оларды шешудің нақты жоспарларын ұсынды.

Әсіресе, ауылшаруашылығын әртараптандыру, жергілікті жерлерде жұмыс орындарын ашу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту, кәсіпкерлікті дамыту, экологиялық қауіпсіздікті шешу және цифрландыру мәселелері турасында берілген тапсырмалары - ел дамуы үшін қабылданған оң шешімдердің бірі деп білемін.

Жалпы, жолдау - ол халық үніне құлақ асатын мемлекеттің нақты көрінісі.

Ал, жолдаудағы әрбір бастама – жарқын болашаққа бастайтын қадам.

Сондықтан, біз - бұл бастамаларды қолдап, оның іске асуына атсалысуымыз қажет.

Гулжанар Жансұлтанқызы,

көпбалалы ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT