Жол салуға арналған жер телімдерінің қолданыс мақсатын өзгертуге мораторий жарияланады

Жол салуға арналған жер телімдерінің қолданыс мақсатын өзгертуге мораторий жарияланады
Фото: Kazinform
(0 Votes)

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-Министр Олжас Бектенов әкімдерге жол салуға арналған жер телімдерінің қолданыс мақсатын өзгертуге мораторий жариялауды тапсырды. 

- Алдағы уақытта жобалардың қымбаттап, мерзімдердің созылып кетуіне жол бермеу үшін барлық дайындық жұмыстарын ерте бастап жүргізу керек. Әкімдіктерге болашақ жобаларға арналған жерлерді резервке қойып, ол телімдерді беруге және нысаналы мақсаттарын өзгертуге мораторий жариялауды тапсырамын, - деді ол Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы тиісті министрліктерге де тапсырма берді.

- Өнеркәсіп министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, автожол жобаларына тартылған карьерлердің құжаттарын рәсімдеу қажет. Көлік министрлігі жол салуға қажетті жерлерді мемлекет мұқтажы үшін жедел сатып алуды заңнама деңгейін реттеу мәселесін пысықтасын, - деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін биыл елдегі автожолдардың ақылы учаскелеріндегі тарифтер орта есеппен 30 пайызға өсуі жоспарланғаны мәлім болған еді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT