Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау – әрбір жүргізушінің азаматтық борышы

Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау – әрбір жүргізушінің азаматтық борышы
(0 Votes)

Құрметті жүргізушілер! 

Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау – әрбір жүргізушінің азаматтық әрі адами борышы. Әсіресе, тас жолдарда жылдамдықты шектен тыс арттыру – ең қауіпті құқықбұзушылықтардың бірі болып табылады.

Жоғары жылдамдық — жүргізушінің жолдағы жағдайды бақылау қабілетін төмендетіп, апатқа әкеп соқтыруы мүмкін. Адам өміріне қауіп төндіретін жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жылдамдықты шамадан тыс асыру салдарынан орын алады.

ҚР жол қозғалысы ережесіне сәйкес, әрбір жүргізуші белгіленген жылдамдық шегін сақтауға міндетті. Жолдың жағдайына, ауа райына, көліктің техникалық мүмкіндігіне қарай жылдамдықты ақылмен реттеп отыру – қауіпсіз қозғалыстың басты талабы.

Құрметті жүргізушілер! Сіздің бір сәттік асығыстығыңыз өзіңізге де, өзгелерге де орны толмас қайғы әкелуі мүмкін. Отбасыңыздың, жолаушылар мен басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірмеңіздер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT