Қарапайым еңбек адамының беделін көтеру, жұмысшы мамандардың маңыздылығын арттыру, жастарды аталған салаға жұмылдыру – қазіргі қоғамның басты миссиясы. Осы орайда жұмысшы мамандықтар жылына орай білім бөліміне қарасты мекеме жұмысшыларының арасында «Кім жылдам?» сайысы өтті.
Сайысқа қатысушылар арасында жүгіру, доппен жүру, эстафета сынды 4 турдан тұратын командалық ойындар өткізіліп, сайыс жеңімпаздары анықталды. Нәтижесінде бірінші орынды Б. Аманшин атындағы орта мектебінің «Қыран» командасы жеңіп алса, екінші орынды Нұр-Шуақ және Жасұлан бөбекжай-балабақшасының жұмысшы мамандары иеленді. Үшінші Ы. Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының намысын қорғаған «Жігер» командасы еншіледі. Шара соңында сайысқа қатысушы аруларға гүл шоқтары табыс етіліп, жеңімпаз-жүлдегерлер марапатталды.
Самғат ҚАЙРАТҰЛЫ
Суретті түсірген автор