Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде Жұмысшылар күніне орай "Әлеуметтік серіктестіктердің рөлі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға колледж инженер-педагогтары, серіктес мекемелер мен жұмыс беруші өкілдері қатысты.
Кездесу барысында еңбек нарығына сай маман даярлау, оқу бағдарламаларын жетілдіру, жаңа мамандықтар ашу сынды маңызды мәселелер талқыланды.
Шара аясында колледж бен ШК "Весна", ЖК "Измагамбетов", ЖК "Саке Суши" т.б кәсіпкерлер арасында әлеуметтік серіктестік келісім-шарттарына қол қойылды.
Болашақта колледждің даму стратегиясын қалыптастыру, еңбек нарығын зерттеу, кадрлармен қамтамасыз ету, өндірістік оқыту мен тағылымдамаларды ұйымдастыру секілді жұмытарды бірлесіп атқаруға уәделесті.
Бұл бастама – білікті маман даярлау ісіндегі ынтымақтастықты нығайтып, еңбек адамының беделін арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.
Гауһар БОПАСОВА
Директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасары Индер ауданы