Жұмысшы мамандықтар – қоғамның негізгі тірегі, елдің дамуы мен өркендеуінің негізі. Олар – қарапайым шеберден бастап, күрделі техникалық қызметкерлерге дейінгі барлық саланы қамтитын ерекше мамандықтар. Бұл мамандықтар – еңбекқорлықтың, шыдамдылықтың және жауапкершіліктің айнасы. Жұмысшы мамандық иелері әр күн сайын елдің құрылысын көтеріп, өндірісін дамытуға, қызмет көрсету саласын жақсартуға зор үлес қосады. Олардың еңбегі елдің экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан өркендеуіне тікелей әсер етеді.
Бүгінгі таңда жұмысшы мамандықтар бұрынғыдан да маңызды бола түсті. Қала мен ауылда жаңа нысандар салынып, өндіріс көлемі артып, қызмет көрсету саласы кеңейіп келеді. Осы өзгерістердің барлығы жұмысшы мамандықтар иелерінің еңбегінің арқасында жүзеге асады. Олар – тек кәсіби біліктілігімен ғана емес, сонымен бірге елге деген адалдығы мен жауапкершілігімен ерекшеленеді.
Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтарға деген құрметті арттыру қажет. Қазіргі заманда осы мамандықтардың әлеуметтік мәртебесін көтеріп, жастарды осы салаға қызықтыру – өте маңызды міндет. Жұмысшы мамандықтарды таңдаған жастар – елдің болашағының сенімді құрылысшылары. Оларға қажетті білім мен дағдыларды беру, еңбек жағдайларын жақсарту арқылы олардың еңбегін одан әрі қолдау керек.
Жұмысшы мамандықтар жылында біз осы мамандықтардың қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін тағы да бір рет мойындап, олардың еңбегіне шынайы құрмет көрсетуіміз керек. Әрбір жұмысшы – елдің мақтанышы, оның табанды еңбегі мен кәсібилігі елдің гүлденуіне үлкен үлес қосады. Сондықтан, жұмысшы мамандықтардың дамуына барынша қолдау көрсетіп, олардың мәртебесін көтеру – баршамыздың ортақ парызымыз.
Назгүл МЫРЗАЖАНОВА,
Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Зинеден ауылы