Қарапайым жұмысшы мамандығы – қоғам үшін аса маңызды да қадірлі кәсіптердің бірі десек болады. Бұл мамандық иелері - құрылыстың, өндіріс пен түрлі салалардың негізін құрайтын адамдар. Олар физикалық еңбекті талап ететін, жауапкершілігі жоғары жұмыстарды атқарады.
Сол себепті де Мемлекет басшысы олардың ерен еңбегін елеп, биылғы жылды жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған болатын. Бұл бастама осы салаға деген қызығушылықты одан әрі арттырды десек болады.
Осылайша, бұл жыл жастарға өз қолымен өмірін өзгертуге жол ашқан сондай-ақ еңбек адамына деген құрметтің қайта жаңғырған уақыты болмақ.
Г.Омарова,
Домбырашы-ұстаз