Жұмысшы болу – таңдау емес, жауапкершілік

(0 Votes)

Жұмысшы – елдің жанашырына айналған нағыз тұлға. Қазіргі цифрлы дәуірдің  заманында да жұмысшы мамандықтардың маңызы кеміген жоқ, қайта артты. Қай-қай саланың болмасын кәсіп иелері – қоғамның өрлеуін қамтамасыз ететін негізгі тіректердің бірі.

 Жұмысшы болу – таңдау емес, жауапкершілік. Себебі бұл мамандық иелері қолымен жасайды, ақылымен ойлайды, жүрегімен сезеді. Олар – еңбекпен өркендеген елдің негізін қалаушылар. Жастардың бұл бағытқа бет бұруына тек материалдық ынталандыру ғана емес, қоғамдық көзқарастың оң өзгеруі де ықпал етеді.

2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп атау – құр ұран емес, нақты бетбұрыс. Бұл мүмкіндік – тек құрмет көрсету емес, жаңа буынды кәсіби білімге, нақты еңбекке баулудың стратегиялық қадамы. Елімізге ісі бар қайратты жастар қажет.

Сондықтан бұл жыл – кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртудың,  жұмысшының қоғамдағы мәртебесін арттырудың мүмкіндігі болмақ.   Еңбек – ел болашағы. Ал жұмысшы – сол болашақтың негізін қалап жатқан қарапайым батыр.

 

Әсел ТАБИҒАТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT