Жеті бағытты қамтитын жетпіс тармақ

Жеті бағытты қамтитын жетпіс тармақ
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауын көп елене бермейтін қарапайым еңбеккерлерге көрсетілген құрмет пен қолдау деп білемін. Бүгінде оны өткізу жөнінде Үкімет жанынан арнайы комиссия құрылып, техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялауға арналған жол картасы қабылданған. Еліміздің барлық, яғни 20 өңірінде жұмысшы мамандықтар беделін және кадрлар даярлау сапасын арттыруға, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған жоспарлар бекітілді. 

Сондай-ақ, негізгі мемлекеттік органдар, 13 министрлік жаңа кәсіпорындар құру, сапалы жұмыс орындарын ашу, жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, кадрлар даярлауда колледждермен бірлескен жұмысты жолға қою бойынша кешенді шаралар көзделген «Жұмысшы мамандықтары жылын» өткізу жөніндегі салалық жоспарларын әзірледі. Олар оны жүзеге асырса, жаңа жұмыс орындары көбейеді. Ашық деректерге сүйенсек, оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары 7 бағытты қамтитын 70 тармақтан тұрады. Негізгі бағыттарымен әлеуметтік желі арқылы таныса аласыз. Сондай-ақ, биылғы жылы кейбір жұмысшы мамандықтарының жалақылары да 17-20% көтеріледі.

Қанат Зарлыханұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT