Жаза қатайса, тәртіп күшейеді

(0 Votes)

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында зорлау мен тұрмыстағы әлімжеттік жасағандарға жазаны қатайту жөнінде заң шығарушы орынға тапсырма берді.

"Біз заңды гуманизациялаумен әуестеніп жүріп азаматтардың негізгі құқықтарын назардан шығарып алдық. Зорлау, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы және басқа да, әсіресе балаларға қарсы қылмыстың ауыр түрлеріне жазаны шұғыл түрде қатаңдату керек" деген ол үкіметке екі айдың ішінде заңға енгізу үшін тиісті өзгертулер әзірлеп ұсынуды тапсырды.
Заңды қаталдандыру елдегі тәртіпті ретке келтіріп, халықтың арасында бір-біріне деген қатыгездік пен қанішерлікке тосқауыл болады деп күтеміз.

Бүгінде тұрмыстағы бір-бірін сыйламаушылық, адамзат баласының айуандыққа баруы белең алып барады. Шынтуайтына келгенде, «қолыңмен істегенді мойынмен көтеру»туралы қағидаттың әлсіреп кеткеніне дебіраз болдыемес пе?

Міне, мемлекет басшысынң тапсырмасы сол келеңсіздікке тосқауыл болар деп сенеміз. Жалпы, «біреудің ала жібін аттағанға» бұрын да жазалау түрі қаталдау болғаны  белгілі. Олай болса, жасалған тәртіпсіздігі үшін әркім өзі жауап беруі керек.


Қ.ТӨЛЕУОВ,
отставкадағы полиция подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT