ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ БАР

ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ БАР
фото: автордікі
(0 Votes)

Аптаның бейсенбісіндде аудандық жастар ресурстық орталығында аудан әкімі Азамат Мәмбетов аудан жастарымен кездесті. 

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, прокуратура, полиция және дербес бөлім басшылары мен бір топ жастар қатысты.

Еркін форматта өткен кездесуде аудан әкімі Азамат Саматұлы аудан жастарының мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар жобалалар жүзеге асырылып жатқанын айтып, жастардың ұсыныс-пікіріне және бұйымтайларына құлақ түрді.

Кездесуге жиналған жастар тарапынан аудандық квн командаларының республикалық кезеңдеріне қатысу үшін қаржылай қолдау, Жастар ресурстық орталығының үшінші қабатына студиялар дайындау үшін қаржы бөлу, кәсіпкерлік идеяларды жүзеге асыру үшін қолдау көрсету, музыкалық өңдеу орталығын ашу және курс өткізу секілді жаңа тың идеяларды жүзеге асыру мақсатында бірқатар ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар, кездесу барысында аудан әкімі жастарға тазалық акцияларына қатысуға шақырып, бірлесіп жұмыс жасауды ұсынды. Одан өзге, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айбол Долдашев жастарға мемлекет тарапынан берілетін гранттар мен несиелер турасында мәлімет бере отырып, «Қарызсыз қоғам» курсына қатысуға шақырды.

Тұшымды ой мен толымды ұсыныстарға, емен-жарқын әңгімеге негізделген бас қосу соңында аудан басшысы айтылған ұсыныстардың ескерусіз қалмайтындығын айтып, жаңа идеяларға қашанда қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Б.Қасымова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521