Жұмысшы мамандықтар жылы – осы тынымсыз тірліктің иелерін бағалау мен қолдауға бағытталған маңызды бастама.
Біз, жастармен жұмыс жасайтын мамандар ретінде, еңбекке бейім, нақты кәсіпті меңгерген ұрпақ қалыптастырудың маңызын терең түсінеміз. Себебі қазіргі таңда жұмысшы мамандықтар – сұранысқа ие, тұрақты табыс көзіне айналған салалар.
Махамбет ауданында да ауыл шаруашылығы, құрылыс, техникалық қызмет көрсету, су шаруашылығы сияқты нақты салаларда өз ісінің шебері болып жүрген жастар жетерлік. Олар – нағыз еңбек адамының бүгінгі үлгісі. Бұл мамандықтарды таңдаған жастар – қоғамдағы ең қажет жандардың бірі.
Сондықтан жастарға айтарым: қолыңнан іс келсе – елге пайдаң тиеді. Қарапайым еңбек ешқашан қор етпейді. Қайта, сол мамандық арқылы елге де, өзіңе де жол ашасың!
Жұмысшы мамандықты дәріптеу – болашақты ойлау!
А.ҚОНЫСБАЕВ,
Жастар ресурстық орталығының басшысы