Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижелері қоғамдағы оптимизм мен сенімділіктің артқанын айқын көрсетеді. 75,9% азаматтардың елдің дұрыс бағытта дамып келе жатқанын атап өтуі, мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың халық арасында қолдау тапқанының дәлелі.
Бұл, әсіресе, жастардың жоғары әлеуметтік оптимизмі мен әр түрлі жас топтарындағы азаматтардың болашаққа сенімінің сақталуы – Қазақстанның тұрақты даму бағытын ұстанып келе жатқанын көрсетеді.
Бұның бәрі еліміздің болашағына деген сенімнің жоғары болуы, әрбір азаматтың, әсіресе жастардың елдің дамуына қосатын үлесін арттыруға деген ынта-жігерін білдіреді. Бұл сауалнама нәтижелері халықтың мемлекетке деген сенімі мен қолдауын көрсетіп, еліміздің стратегиялық даму жолындағы дұрыс бағытта екенін айғақтайды.
А.Қамзина
белсенді жас