Жасанды интеллект - жарқын болашақ кепілі

Жасанды интеллект - жарқын болашақ кепілі
фото: https://ult.kz
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасанды интеллект саласына ерекше назар аударуы – еліміздің заманауи технологиялық үрдістерден шет қалмай, әлемдік бәсекеге қабілетті болуға ұмтылысының айқын көрінісі.

Президенттің «Жасанды интеллект – ұлттық тәуелсіздіктің кепілі» деген пайымы өте орынды әрі уақыт талабына толық сай келеді. Қазіргі таңда әлем елдері жасанды интеллектті тек экономикалық өсім құралы ретінде емес, ұлттық қауіпсіздік, білім, медицина, өндіріс, ауыл шаруашылығы сияқты салаларда шешуші тетік ретінде қарастырып отыр.

Қазақстанда ЖИ саласында алғашқы қадамдар жасалғанымен, Президент айтқандай, босаңсуға болмайды. Бұл бағыт – ақпараттық саланың ғана емес, барлық саланың трансформациясына әсер ететін стратегиялық тетік. Сондықтан бұл мәселе тек цифрлық даму министрлігіне емес, бүкіл елімізге, ғылым мен бизнес қауымдастығына ортақ міндет болуы тиіс.

Шаяхмет Ищанғалиев,

аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT