Жасанды интеллект - жаңа дәуірдің тетігі

Жасанды интеллект - жаңа дәуірдің тетігі
(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында:

«Қазақстан міндетті түрде цифрлық ел болуы керек», – деп атап өтті. Президент цифрландыру мен жасанды интеллектінің қарқынды дамуы – заман талабы екенін ерекше айтып, бұл бағытта нақты, жүйелі және батыл қадамдар жасаудың маңыздылығын жеткізді.

Расында да, бұл бастама – уақыт ағымына сай қабылданған, елді келешекке бастайтын стратегиялық шешім.

Бүгінде жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар – экономиканың, білімнің, денсаулық сақтау мен мемлекеттік басқарудың жаңа кезеңін қалыптастыратын басты қозғаушы күшке айналып отыр.

Алдағы маңызды міндет – осы мүмкіндіктерді тиімді, ұтымды әрі қауіпсіз түрде іске асыру. Цифрлық даму – тек технологиялық серпіліс емес, сонымен қатар адам капиталы мен ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыратын маңызды фактор.

Мәлік Әнесұлы,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT