Мен бүгінде құрметті демалыстағы еңбек ардагерімін.
Біздің кезімізде ақпарат таратушы радио, бертін келе теледидар болды. Енді міне дамыған заманда жасанды интелект деп аталатын жаңа заман жаңалығын естіп жүрміз.
Бұл жүйе туралы алғаш естігенде аса түсінбеген едім. Алайда, уақыт өте келе бұл технологияның пайдалы жақтарын көріп жүрмін. Бұрын қолмен атқарылатын жұмыстар бүгінде осы интернет арқылы, әсіресе, жасанды интелект арқылы жүзеге асуда. Жалпы айтқанда, бұл - уақытты үнемдеуге таптырмас мүмкіндік. Таяқтың екі ұшы бар демекші, бұл дүниенің де қауіпті тұсы бар екенін ұмытпауымыз керек. Барлығы оңтайландырылған тұста, адамдар арасындағы мәміле жойыла ма деп ойлаймын. Бұрын ойланып, ізденіп оқу оқитын жастарымыз, осындай бағдарламалардың әсерінен ізденісін жоғалтама деп қорқамын. Одан бөлек жасанды интелект арқылы түрлі бағдарламалар жасап, халықты арандатушылар шықпасына кім кепіл. Сондықтан осы тұсты да назардан тыс қалдырмау керекпіз. Бір қуантарлығы, бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жолдауында да айтып өтті. Соған сәйкес әлемде геосаяси ахуалдың түбірімен өзгере бастағанын айтып, бірқатар тапсырмалар берді. Бұл дер кезінде қабылданған шешім деп ойлаймын.
Қабылхан ОМАРОВ,
ардагер