Жарсуаттықтарға жаңа баспана бұйырды

(0 Votes)
Жарсуаттықтарға жаңа баспана бұйырды

Астана күні қарсаңында жарсуаттық он отбасына жаңа баспана бұйырып, қуаныш тойын тойлауда. Ауылдың "Халықтың әлеуметтік қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінде көп балалалы отбасылар санатымен кезекте тұрған азаматттар үшін 5 пәтерлік екі үй салтанатты жағдайда табыс етілді. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Әсет Оразғалиев құттықтау сөз сөйлеп ашып шараның маңызына тоқталып өтті. 

- Құрметті Жарсуат ауылының тұрғындары сіздерді бүгінгі қуаныштарыңызбен аудан басшылығының атынан шын жүректен құттықтаймын. Көп жылдан бері баспана кезегінде тұрып ендігі жерде қоныс тойлау кезегіде келіп жетті. Шаңырақтарыңыз құтты, іші бақытқа толы болсын. Алдағы уақытта да баспана мәселесін шешу жұмыстары жалғаса беретін болады,-деді Әсет Самарханұлы.

Баспанаға ие болғандардың қатарында көп балалы ана әрі кезекті сәбиін күтіп жүрген Айымгүл Темірғалиқызы да өз қуанышымен бөлісті.

-Бүгінгі күн біздер үшін, біздің жанұямыз үшін ерекше күн болғалы отыр. Осындай қуанышқа бөлеп баспаналы болуға жағдай жасаған аудан басшыларына, мемлекет басшысына аналық алғысымды білдіргім келеді. Өзім секілді баспанаға ие болған отбасларға қуаныштарыңыз құтты болсын дегім келеді, - дейді толқынысты үнімен.

Баспана мәселесі бұл күнде кім-кімді де болса да бей жай қалдырмайды.

Қазақстандықтарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жүйесін кешенді жаңғырту мемлекетсаясатының басым бағыттарының бірі осылай ауданда біртіндеп шешімін тауып келеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521