Жарқын келешек кепілі

Жарқын келешек кепілі
фото: https://jambylinfo.kz
(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көтерілген маңызды бастамалардың бірі – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы. Бұл бастама еліміздің білім беру жүйесін жаңғыртып, оқушыларға сапалы білім алу үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Жоба аясында 217 заманауи мектеп салу көзделсе, соның 150-і қазірдің өзінде іске қосылып, оқушыларды қабылдады. Қалған мектептердің құрылысы алдағы үш айда толық аяқталмақ.

Жаңа мектептер заманауи құрал-жабдықтармен, цифрлық технологиялармен және қауіпсіздік жүйелерімен қамтылып, оқушылар мен мұғалімдер үшін тиімді әрі жайлы жағдай жасалуда. Бұл – білім сапасын арттырып қана қоймай, үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешуге де ықпал етеді. Сонымен қатар, шалғай елді мекендердегі балалардың білімге қолжетімділігі арта түседі.

«Келешек мектептері» – бұл жай ғана құрылыс жобасы емес, болашақ ұрпаққа жасалған үлкен инвестиция. Мемлекеттің білімге, жас ұрпақтың болашағына мән беруі – жарқын келешектің кепілі.

Қ.Омаров,

аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT