Жәрмеңкеден сауалдарына жауап алды

(0 Votes)

Мақат кентіндегі «Ашық әкімдік» ғимаратында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкенің мақсаты тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді көрсетіп қана қоймай, тиісті кеңестер беру.

Өтетін орны мен мақсаты туралы аудан тұрғындарына әлеуметтік (Facebook,Instagram) желілерде және мемлекеттік органдардың жаңа www.gov.kz интернет – ресурстар бірыңғай платформасына жарияланған болатын.

Аталған жәрмеңкеге ауданның жергілікті атқарушы органдары басшылары, жауапты мамандары және «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының-«Халыққа қызмет көрсету бойынша» Мақат аудандық бөлімінің басшысы қатыстырылды.

d6e77016-3314-4623-93c5-c12fa3116d6e

Жәрмеңкеде жұмыспен қамту, жер, тұрғын – үй, білім, спорт, ауыл шаруашылығы салалары бойынша және азаматтардың жеке сұрақтарына жауаптар берілді.

Барлығы 87 азамат мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясында кеңестер мен ақпарат алып, Telegram-bot@kzBot және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілтін қолданбай-ақ, бір реттік пароль арқылы мемлекеттік қызметтер алуға болатындығын білді.

«MТ»

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521