Жаңғырудың өзегі – саяси реформалар

(0 Votes)

Биыл 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі мен мәслихаты депутаттарының сайлауы өтпек. Аралас жүйе бойынша ұйымдастырылатын бұл байлауға көптеген өзгерістер мен ерекшеліктер енгізіліп отырғанын айта кетуіміз керек. Соның ішінде, үміткерлерге азаматтық қоғамның түрлі топтары ретінде үлкен мүмкіндік беріліп отыр.

Атап айтқанда, әйелдер мен жастарға және түрлі қажеттіліктері бар жандарға 30 пайыз көлемінде квота белгіленген. Сондай-ақ, саяси партияларды қатыстырып, тіркеудегі талаптардың біршама оңтайландырылғаны көңілге қонымды. Мәселен, оларды тіркеудегі мүшелер саны мен Парламентке өтуіне қатысты шектеулер азайтылған. Партиялардың Мәжіліске өтуіне қажетті дауыстың төменгі шегі де 7-ден 5 пайызға дейін төмендетіліп отыр.

Осындай ашық, жан-жақты қадамдар қоғамды демократияландыру үрдісіне одан әрі жол ашып, саяси жүйені күшейтіп, жариялылығын қамтамасыз етеді деуге негіз бар. Сонымен қатар, дауыс берушінің құқығына да баса назар аударылып отырғаны байқалады. Сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген бағанның енгізілуі сөзімізге дәлел.

Сондай-ақ, сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізуде аумақтық сайлау комиссиялары да маңызды роль атқарып, олардың кәсіби түрде тұрақты жұмыс істеуі қамтамасыз етілмек. Жаңа реформа «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатының іске асуына ықпал етіп, азаматтық сана мен жауапкершілікті қалыптастыруға, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, ел тарихындағы кезекті науқанды абыроймен және бірлікпен атқаруға жол ашады деп сенгім келеді.

Саламат ИДРИСОВ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы-ректоры

Мақат тынысы

Сайлау

ybory-2023-price

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика