Жаңа іріктеу жүйесімен 71 атыраулық мемлекеттік қызметке қабылданды

Жаңа іріктеу жүйесімен 71 атыраулық мемлекеттік қызметке қабылданды
(0 Votes)

Атырауда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділерімен кездесу өткізді. Жиында департамент басшысы Нұрлан Еркебаев мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібіне енгізілген өзгерістер мен конкурстық іріктеу жүйесінің тиімді тұстарын айтты,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа жүйе енгізілгелі бері Атырау облысында 488 азамат іріктеуге қатысқан. Соның ішінде 71 кандидат конкурс нәтижесінде мемлекеттік қызметке тағайындалды.

- Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу жобасын таныстыру. Жыл басынан бері Атырау облысы аталған жаңа жүйеге көшкендіктен бүгін біз оның алғашқы нәтижелерімен бөлісуді жөн көріп отырмыз. Жаңа іріктеу жүйесі тиімділігін көрсетіп үлгерді. Статистикалық деректерге сүйенсек, мемлекеттік қызметке конкурсқа қатысушылардың үлесі артқан. Сондай-ақ лауазымға орналасу үдерісі жеңілдегенін атап өткен жөн,-деді департамент басшысы Нұрлан Еркебаев

Бүгінде Атырау облысында 254 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Ал мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 3 мыңға жуықтап отыр. Сарапшылардың пікірінше, кадрлық саясаттың ашықтығы мемлекеттік аппараттың сапасын арттырып, халыққа көрсетілетін қызметтің тиімділігін жоғарылатады.

Фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT