Мемлекет басшысы: «Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауындағы маңызды мәліметтер: Президент тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. 2025 жылдың соңына дейін жоспар ға сәйкес заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл өте маңызды жұмысты «Самұрық-Қазына» қоры қадағалап отыр. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаға белсене атсалысуға тиіс,депутаттар да бұл істен шет қалмай бақылауда ұстауы керек деген сөз!
Үкімет жайлы мектептердіе арнайы басқару жүйесін енгізуді ойластыруы керек. Сонымен бірге, еліміздегі 1300 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі.
Үкімет ,әкімдер қаржыландыру көздерін анықтап,демеушілерден де қаражат тартылып,3 жылда толық жаңарту аяқталады.
Айта кетер жағдай Мемлекет кепілді төлемдер үшін қыруар қаражат бөліп отыр,ол жекеменшік мектептерге де бөлінді.Мысалы, 250 мыңнан астам бала оқитын жекеменшік мектептерге биылдың өзінде бюджеттен 134 миллиард теңге бөлінген.Ата-аналар мемлекеттің жеке меншік мектептерге нақты көмек беріп жатқанын біліп отырғаны жөн,әр балаға норматив бойынша бөлінген қаражаттың көрсетілуі ашық болуы шарт,азаматтар әлеуметтік бағдарламаларға бөлініп жатқан қаржы туралы шынайы ақпараттан хабардар болуы керектігін ескертті.Бұл мәліметтер неғұрлым халыққа қолжетімді болса соғырлым қоғам сауатты болады және қаржы дұрыс ,мақсатты жұмсалынуын қамтамасыз етеді Атырау Университеті.@актуальное
Жамиға ТАҢАТАРОВА,
Х.Досмұхамедов атындағы университеті тарих ғылымдарының докторы, профессор