ЗАҢНАМАМЕН КӨЗДЕЛМЕГЕН ЗАҢСЫЗ ТАЛАПТАР ҚОЙҒАН

ЗАҢНАМАМЕН КӨЗДЕЛМЕГЕН ЗАҢСЫЗ ТАЛАПТАР ҚОЙҒАН
(0 Votes)

Департаментпен бұзылған құқықтарды қалпына келтіру жұмыстары қана шағым негізінде ғана емес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қашықтықтан мониторинг жүргізу арқылы да жүзеге асырылады.

Осылайша, Департаментпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ақпараттық жүйелерге қашықтықтан жүргізілген мониторинг нәтижесінде 20-дан астам қызмет алушының құқығы бұзылып, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту деректері анықталды.

Атап айтқанда, Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі қызмет алушылардан ауыл шаруашылық техникалық құралдарға қатысты фото материалдарды талап етіп, оларды ұсынбауына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұсынудан бас тартқан.

Алайда, аталған талап мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін заңнамаға енгізілген өзгеріс нәтижесінде жойылған.

Осыған қарамастан, Бөлім қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқан.

Сондай-ақ, Атырау қаласының тағы бір қызмет алушысы Zoomlion FD30 маркалы тиегішін сатуына байланысты, тіркеу есебінен шығару үшін қызмет берушіге жүгініп, өз кезегінде сату-сатып алу шарты заңнамаға сәйкес келмеу себебімен көлік құралын тіркеу есебінен шығарудан бас тартылған.

Дәл осындай мәселе, Wecan GM8000 тиегіші тіркеу есебінен шығарылмай, қызмет беруші қызмет алушыны әуре сарсаңға салған.

Мәселені зерделей келе, аталған келісім шарттар тиісті заңдылықтың нормалары мен талаптарына сәйкес келетіндігі белгілі болды.

Департаменттің жедел әрекет ету нәтижесінде, көрсетілетін қызметтерге қатысты шаралар қабылданып, қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Алдағы уақытта осыған ұқсас жағдай қайталанбас үшін, Бөлім басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT