Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстың өсуіне жол бермеу.
12 ақпан күні Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Заңды сақтау-өзіңді қорғау» атты құқықтық-ағарту апталығы аясында студенттермен кездесу ұйымдастырылды.
Жиынға Атырау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы процессингтік орталығының бастығы полиция майоры Жеңіс Даулетов, Жергілікті полиция қызметі басқармасы Ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Орынгүл Кушкалиева, Атырау қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры мен Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты қатысып, жол жүрісі ережелері мен мопед жүргізушілеріне қойылатын жаңа талаптар, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін себептер, қазіргі уақытта қоғамдық орындарда олардың қатысуымен жасалатын құқықбұзушылық түрлеріне жеке тоқталып, оларға қатысты заңнамалық қатаң шаралар туралы ақпараттар берді.