ЗАҢ ЖҮЙЕСІ КҮШЕЙСЕ

ЗАҢ ЖҮЙЕСІ КҮШЕЙСЕ
фото: saryarka-samaly.kz
(0 Votes)

Президент Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өткен болатын. 

Расында, жастардың санасын улайтын зиянды заттардың оңай саудалануы, қол жетімді болуы бүгінгі күннің күн тәртібінде тұрған басты мәселе екендігі анық.

Егемен елдің ертеңі жас ұрпақтың қолында болғандықтан, өскелең ұрпақты зиянды әрекеттен аулақ ұстауымыз керек.

Ол үшін мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай, есірткі саудасына тосқауыл қойып, зиянды заттарға қарсы күреске тек заң өкілдері ғана емес, қоғам болып кірісуіміз қажет.

Сондықтан, келешегіміздің жарқын болғанын қаласақ, заң жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізіп, есірткі саудасына біржола тосқауыл қойылса дейміз.

Қуанарқызы Гүлбану,

Мақат АПБ ЖПҚБ КТіЖ УПИ аға инспекторы
полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT