Ақтөбе қаласының батыс өңірлік хабынан 1000 доза вакцина келді, деп хабарлайды ATPress.kz
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Асхан Байдувалиевтің мәлімдеуінше, вакциналар 1 ақпанға қараған түні Атырауға келіп, сақтау орталығына орналастырылды.
В- Вакциналардың барлық дозалары арнайы дайындалған екпе орталықтарына таратылады. Бүгін өңір үшін маңызды Covid-19 қарсы вакцинациялаудың бірінші кезеңі басталады. Бірінші кезекте, екпені барлық инфекциялық стационарлардың, реанимациялық бөлімшелердің, жедел жәрдемнің медицина қызметкерлері және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері алады, - деді Асхан Байдувалиев.