Вакцина қабылдаған атыраулық тұрғындардың саны 15 мыңға таяды

(0 Votes)

Облыс тұрғындарын covid-19-ға қарсы жаппай вакциналау өтіп жатыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

19 сәуірдегі мәлімет бойынша, 135 адам «Спутник V»  вакцинасының І компонентін алды. Оның ішінде, 6 медицина қызметкері, 5 педагог, 19 полиция қызметкері, 1 студент, 17 құқық қорғау органдарының қызметкері және 87 жергілікті тұрғын бар

2021 жылғы 1 ақпан мен 19 сәуір аралығында «Спутник V» I компонентімен 14 842 адам, II компонентпен 3434 адам вакцинацияланды.

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде Атырау облысында халықты жаппай вакцинациялау басталды. Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен бару қажет.2021 жылдың 1 ақпанынан бастап аймаққа "Спутник V" вакцинасының 15 200 мың дозасы келіп түсті.

Сурет: ашық дереккөз

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT