Вакцина алған 10 атыраулық 200 000 теңгелік сертификаттарға ие болды

(0 Votes)

11 шілдеде Атырауда COVID-19-ға қарсы вакцина алған азаматтар арасында ақшалай ұтыс ойынының бірінші кезеңі өтті.

 «Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол» атты акцияны «Атырау облысының Азаматтық Альянсы» ұйымдастырды. Оның мақсаты – вакцинаны халық арасында насихаттау.

Естеріңізге сала кетейік, жүлде қоры 40 миллион теңгені құрайды, оның ішінде бас жүлде - 10 миллион теңге!

Биылғы жылдың қазанында ойнатылатын 10 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа 1 ақпан мен 30 қыркүйек аралығында Атырау облысы бойынша вакцинаның I немесе II компоненттерін алған тұрғындар қатысады.

Бүгін ұтыс ойынынвң бірінші кезеңі өтті. Онда 30 маусым - 9 шілде аралығында екпе алғандар қатысты.

Тікелей эфирде тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен әрқайсысы 200 мың теңгені құрайтын 10 сертификат ұтысқа салынды.

Кездейсоқ сандар арқылы ақша сертификаттарының алғашқы 10 иелері анықталды.

Олар:

  1. Елемесов Асланбек Джамбулович
  1. Махмутов Ержан Гапурович
  1. Мухамбетова Гульбаршын Утегеновна
  1. Вьюрков Иван Георгиевич
  1. Мунбаев Аслан Максимович
  1. Утегулов Рамиль Салиевич
  1. Дияров Роман Жайлыбаевич
  1. Мухамбетов Асылан Жасуланович
  1. Қалымбетов Сахи Ғабитжанұлы
  1. Төлеуғали Батырбек Исатайұлы

Тікелей эфир операторлары олардың әрқайсысымен онлайн режимінде байланысып, оларды ақшалай сертификаттардың иелері деп жариялады.

Көпшілік үшін бұл тосын сый болды, бірақ тікелей эфир жүргізушілерімен сөйлескендер мұндай акция үшін және отбасылық бюджетті толтыруға мүмкіндік бергендері үшін алғыс білдірді.

Дегенмен, олардың әрқайсысы вакцинаны ақша үшін салдырмағанын айта кету керек. Ең бастысы - денсаулығыңыз бен өзіңізді, отбасыңыз бен достарыңызды коронавирустық инфекциядан қорғау. Эфирде болған бақылаушылар ұтыс ойынынң ашықтығын атап өтті.

Барлығы жеті бақылаушы болды. Олар  - өңірлік «Адалдық алаңы» офисінің өкілі Елдана Асылханова, Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы директорының орынбасары Рафхат Бозбалиев, «Красный полумесяц», ҚҰ-ның басшысы Асия Құлжанова, «Былина» орыс этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблев, ерікті, қоғам белсендісі Мира Есниязова, «Қоғамдық келісім» қалалық филиаоының өкілі Рафик Сарсенов және журналист Эльмира Тұңғатарова.

Атап өтейік, облысымызда соңғы 10 күнде халықты вакцинациялау деңгейі 83% -ға артты. Бүгінде 114 мыңға жуық адам вакциналардың бірінші компонентін алды, ал 60 мыңнан астам адам вакцинаның екі түрін де алған. 1 ақпаннан бастап біздің аймаққа вакцинаның 1 компонентінің 141 200 дозасы жеткізілді.

Ақшалай сыйлықтың бірінші кезеңінде соңғы 10 күнде екпе алған 40 884 адам қатысты.

Аймақта вакцинация қарқынын арттыру үшін адамдар көп шоғырланған жерлерде вакцинацияның жылжымалы пункттері ұйымдастырылды. Бүгінгі күні облыста 41 вакциналау бекеті бар, оның 10-ы жылжымалы бекеттер.

Акцияның бірінші кезеңі аяқталды. 10 күннен кейін 200 мың теңгені құрайтын тағы 10 сертификат ойнатылады.

Тамыз айында вакцинаны 2021 жылдың 30 маусымы мен 31 шілдесі аралығында қабылдағандар арасында 3 миллион теңгенің 2 сертификаты ойнатылатынын ескертеміз.

Қыркүйек айында осы жылдың 1-31 тамызы аралығында вакцина алғандар арасында тағы 3 миллион теңгенің 2 сертификаты ойнатылады.

10 миллион теңге көлеміндегі негізгі ақшалай сыйлық 2021 жылдың қазанында Атырау облысында 2021 жылдың 1 ақпанынан 30 қыркүйегі аралығында I немесе II компоненттерін алған азаматтар арасында ойнатылады.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT