Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №50 қаулысымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2021 жылға арналған жол картасының 63-3 тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарланады.
Конкурсты өткізу кезеңі: 2021 жылдың маусым-қазан айлары.
Конкурсқа қатысуға кент, ауыл, ауылдық округтерде әкім лауазымында бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне жол беріледі.
Конкурсқа құжаттар 2021 жылдың 25 маусымынан бастап 10 шілдеге (қоса есептегенде) дейін қабылданады.
Конкурстың ережесі туралы толық ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық Департаментінің және облыс Әкімдігінің ресми сайтына орналастырылған (Әдістемелік ұсыным сілтемесі).
Конкурс құжаттарын
Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша 871(239) 3-11-05 тел. нөміріне хабарласуға болады.