«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша аудандық бөлімінің мамандары аудандық қорғаныс істер бөлімі, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімдеріне арнайы барып, қызметкерлерге электрондық қызметтерді алудың тиімді жолдарын түсіндірді.
Қызметкерлер электрондық қызмет түрлерімен танысып, оны пайдаланудың әдістерін меңгерді. Смартфондарына "Телеграмм", "Egov.kz", "eGov.mobile" мессенджерлерін жүктеп, электрондық қызмет түрлерін алудың оңтайлы тәсілдерін үйренді. Мобильді азаматтар базасына тіркелу үшін электрондық сандық қолтаңба қажет. Оны халыққа қызмет көрсету орталығы береді. Содан кейін telegram bot қызмет түріне қосылып, керек құжаттардың электрондық нұсқасын ұялы телефонға түсіруге болады. Қазіргі кезде азаматтардың арасында telegram bot каналы танымал болып келеді. Осы каналдың көмегімен мессенджер пайдаланушылары түрлі анықтамалар ала-алады. Сондай-ақ, EgovKzBot және PKI сайтынан электронды сандық қолтаңбаны алу жолдарын және мерзімін ұзартуға болатындығы айтылды.
Мамандар осылайша «Электрондық үкімет» порталында электрондық мемлекеттік қызметтерді алудың қолжетімділігі мен қарапайымдылығын көрсете алады. Себебі, бүгінгі күні қандай да бір анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталығында алу үшін кезекте тұрудың қажеттілігі жоқ. Оларға үйден шықпай-ақ жылдам, әрі тиімді алуға болатынын айтып түсіндіріп бақты. Тіпті жүргізуші куәлігін, әкімшілік айыппұлдарды және т.б электронды үкімет порталы арқылы қызмет түрлерін қалай қолдануға болатынын үйретті.
Мемлекеттік қызметті онлайн түрде алу арқылы уақытыңызды үнемдейсіз. Бұл халық арасында цифрлық сауаттылық көрсеткішінің артуына әсерін тигізетіні сөзсіз. Өйткені, электронды қызмет түрі – мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырады. Бұл өз кезегінде ел азаматтарының заңды құқыларының сақталуына, жеке мүддесінің қорғалуына мүмкіндік туғызатыны анық.
Мамандар смартфондарына аталмыш мессенджерлерді жүктеп, мемлекеттік қызметтерді іс жүзінде алып көрді. Жеке байланыс нөмірлерін мобильдік қосымшаға байлап, Egov.kz электрондық үкімет порталына тіркелу арқылы әрі қарай қызмет алу түрлерін үйренді. Бөлім басшысы Э.Утебаева қызметкерлердің жұмыстарына сәттілік тілеп, компьютерлік сауаттылықтары мен біліктіліктерінің арта беруіне тілек білдірді. Сондай-ақ, мамандар қызмет алушыларға арналған буклеттер, брошюралар, жадынамалар таратты.
Өз тілшіміз