Ұялы телефон пандемия кезінде несімен қауіпті?

(0 Votes)

Төрткүл дүниенің "төбе шашын тік тұрғызған" аты жаман аурумен әркім әлі жеткенше күресіп бағуда. Санаулы уақыт ішінде түрлі вакциналардың пайда болып, тәжірибелерден өтіп жатқанынан құлағдармыз.

Ал, Австралиядағы ауруларға қарсы дайындық орталығының мамандары коронавирус бөлме температурасында 28 күн бойы тегіс беттерде болуы мүмкін деген қорытындыға келді.

Ең үлкен қауіпті әйнектер, соның ішінде смартфон экрандары тудырады. Қауіптілігі жоғары тұрмыстық заттарға банкноттар, сондай-ақ тот баспайтын болаттан жасалған заттар екені атап өтілді.

Ғалымдардың айтуынша, бұл беттерде вирус +20 °C температурада шамамен бір ай, +30 °C температурада 3 апта және тек +40 °C-та бірнеше күн өмір сүреді екен.

Өзіңізді вирустан қалай қорғай аласыз? Қарапайым ережелерді сақтау жеткілікті: қолыңызды жиі және мұқият жуыңыз, смартфонның экранын антисептикпен сүртіңіз және жоғарыда айтылған заттарды ұстағаннан кейін қолыңызды бетіңізге тигізбеңіз.

Бұл туралы, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі комиссияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521