Ұлы ақын идеясы - көшбастаушы

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» мақаласында Елбасылық қызметінің негізгі идеясы мен ұстанымы туралы баяндалады.

Тәуелсіз елімізді жылдар бойы басқарған тұлғаның өмір жолын таңдауда Абай шығармашылығының рөлі  және ел басқару тұсындағы ұстанымында Абайдың қоғам, адамтану, жаратылыстану туралы ой-тұжырымдарын құрайтын қарасөздерінің ата-баба өсиетіндей болған маңызы айтылған.

Ұлы ақынның идеялары Алаш зиялы қауымының көш бастау саясатының негізгі идеологиялық құралына айналғанын айта келе, өзінің де мемлекет ісін жүргізуде ұлы ақын қағидаларының философиясын санасында берік ұстанған, тіпті алғаш әлемдік билік пен даналық жүйесі туралы ой өрісінің кеңеюіне де себепкер есім деп таниды. 

Ел көшінің бүгінгі қоғамдық философиясының Абай ой-тұжырымдарын негіз етуі − мемлекеттің басты құндылығы - адам өмірін қадірлеу болса, осы идеяны тұғырынан түсірмей, болашақ ұрпақ санасының түп қазығына айналдыру.


Жайлы Балтоғаева,
филология ғылымдарының кандидаты
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау КеАҚ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521