Ұлттық рухты ұлықтаған тарихи қадам

Ұлттық рухты ұлықтаған тарихи қадам
фото: видеодан алынды
(0 Votes)

Пекин қаласында Қазақстанның Мәдени орталығының ашылуы – ел беделін арттыратын айрықша оқиға болды.

Ашылу салтанатына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, Қытай астанасында Қазақстан Мәдени орталығының ашылуы – қос ел арасындағы достықтың жаңа белесі екенін атап өтіп, бұл бастама тарихи байланыстарды нығайтып қана қоймай, мәдени ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретінін ерекше атап өтті.

Иә, расыменде бұл орталықта қазақ халқының тарихы мен әдебиеті, ұлттық музыкасы мен өнері, салт-дәстүрлері кеңінен таныстырылмақ. Сонымен қатар, кітапханалар, көрмелер, концерттер ұйымдастырылып, қазақстандық және қытайлық жастардың бір-бірімен шығармашылық байланыс орнатуына жол ашылады.

Мәдени орталықтың ашылуы – Қазақстанның бай рухани мұрасын шетелде дәріптеудің жарқын көрінісі. Бұл қадам мәдени дипломатияны күшейтіп қана қоймай, екі ел арасындағы өзара сенім мен достықты жаңа сапаға көтерері сөзсіз.

 

Сәбит Халенов,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT