Заманында бабаларымыз елге, туған жерге, Отанға қатысты мәселелерді Құрылтайда бас қосып шешіп отырған. Сол тарихи дәстүрді Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жаңғыртты.
Құрылтай – қоғамның өзекті мәселелерін анықтап, талқылап, оларды жүйелі шешу жолын қарастырады. Бүгінде бас қосқан Құрылтайды – Ұлы Кеңестердің заман ағымына сай модернизациялануы деп бағалап жатыр халық.
Мен Ұлытаудғы, Түркістандағы, Атыраудағы Құрылтайға қатысып, халықтың айтқан ұсыныстарын секция отырыстарында жеткіздім. Атыраудағы Ұлттық Құрылтайда 300-ге жуық мәселе талқыланып, 40 бөлімнен тұратын жүйелі жоспар қабылданған.
Нәтижесінде әйел құқығы мен бала қауіпсіздігін күшейту, вейп саудасына тыйым салу, мемлекеттік наградалар мен ономастика, вандализм мен ойын бизнесін шектеу туралы заң жобасы, есірткі өндіруді және сатуды ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту үшін он заң жобасы қабылданып, ел игілігіне қолданылуда.
Сәуле Досжан,
жазушы