Әдеп жөніндегі кеңестің қызметін жаңадан таныту, жандандыру, Атырау облысы бойынша тиісті мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілінің түсіндірмелері, жүргізілген талдау қорытындылары мен есептер және тиісті заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Әдеп кеңесі: ашықтық, заңдылық, әділдік» телебағдарламасы ашылған болатын.
Осы ретте, телебағдарламаның кезекті шығарылымында Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н. Еркебаевпен сұхбат берілді.
Өз кезегінде, Департамент басшысы тарапынан ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің жұмысы, Департаменттің негізі функциялары мен міндеттері және әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, Н. Еркебаевпен ағымдағы жылдың өткен кезеңінде атқарылған шаралар нәтижесінде құқығы қорғалған тұлғалар туралы ақпарат айтылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті