Ұлттық мереке ұлықталды

Ұлттық мереке ұлықталды
фото: balapan.tv
(0 Votes)

2022 жылы 16 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. 

Соған сәйкес, аптаның дүйсенбісінде аудандық орталық кітапхана және №5 Мақат кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен Республика күніне орай "Қыран елім-Қазақстаным" атты патриоттық кеш өткізілді.

Жас ұрпақты отанын сүюге, халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтауға, тарихын қастерлеуге бағытталған шарада, оқырмандар ұлттық мереке саналатын Республика күнінің тарихы турасында кеңінен ақпарат алып, пікір алмасты.

Шара соңында қатысушылар патриоттық шабыт беретін ақын – жазушыларымыздың өлеңдерін кезектесе оқып, әсем әндер шырқады.

Шараға М. Баймұханов атындағы орта мектептің оқушылары мен тәрбие ісі мамандары және кітапханашылар қатысты.

Ботакөз Асхатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT