Ұлт өміріндегі ұлы құбылыстың куәгері

(0 Votes)

33 жыл бұрын желтоқсанның сақылдаған сары аязында еліміздің тәуелсіздігі үшін көкіректерін ыза, жүректерін намыс кернеген жастар Алматы қаласындағы Брежнев атындағы алаңына шеруге шыққан еді. Міне, сол шеруге шыққандардың қатарында жерлесіміз Жаңыл Ақбержанова да болды. Ол 1982 жылы Мақаттағы М.Горький атындағы орта мектебін бітіріп (қазіргі М.Баймұханов атындағы орта мектебі) Алматы қаласына оқуға түседі.

Ұлттың оянуына ықпал еткен 1986 жылы Жаңыл Бөкенқызы КСРО Мемлекеттік банкінің Алматы есеп және несие техникумының «мемлекеттік банктегі бухгалтерлік есеп» факультетінің 3 курс студенті еді.

1_2_3

Желтоқсандағы сарышұнақ аязда елді Д.Қонаевтың орнына басқаруға келген Колбинге қарсы «Қазақты қазақ басқаруы керек» деген ұранмен Алматы алаңы мыңдаған жасқа толды. Олар өз құқығын талап етіп, үш күн бойы алаңнан кеткен жоқ. Талай студент сол үшін оқудан шығарылды, талай жас сотталды, тіпті өмірі қыршыннан қиылғандар да болды. Оңайлықпен келмеген тәуелсіздік үшін күресті көзімен көрген Жаңыл Бөкенқызы сол қиын жылдарды бізге әңгімелеп берді.

4_5_6

...16 желтоқсан күні болған студенттер көтерілісін мен 17 желтоқсан күні таңертеңгісін сабаққа барғанда естідім. Кураторымыз Надежда Иосифовна бізді «Брежнев атындағы Орталық алаңда студенттер көтеріліс жасап жатыр. Сіздер сол көтеріліске барсаңыздар, жаман болады, барсаңыздар оқудан шығарамыз» деп қорқытты. Бірақ, біз сол күні алаңға бардық. Менің қасымда тобымыздың старостасы оралдық Луиза Құсайынова деген қыз болды. Алаңға келгенде ондағы қарақұрым халықты көрдік. Бұл күнгі ауа-райының ызғары да тым қатты еді. Біз бұрынғы Ботанический бульвар, қазіргі Бұхар жырау көшесіндегі 9 қатарлы жатақханада тұратынбыз. Сол ғимараттың үшінші қатарында, тоғызыншы бөлмесінде қасымда Сарбалиева Света есімді қызбен бірген  тұрдық. Жатақханамыздың вахтеры Гаухар деген апай болды. 17 желтоқсан күні орыс мұғалімдер жатақхананың алдында күзетке тұрды. Кірген-шыққан студенттерді тіркеп отырды. Бәріміз бір кісідей, бірауыздан «Сабаққа бармаймыз, алаңға барамыз» деп шештік. Біз топталып шықсақ, біліп қалады деп ойлап, бір-бірлеп жатақханадан шыға бастадық. Жатақхана қасындағы жоғары математика мектебінің қасына жиналып, алаңға тарттық.

Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521