Ұлт денсаулығы – мемлекет байлығы

фото: www.gov.kz
(0 Votes)

«Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар әкеліп, жеке меншік медицинаға зор пайдасын тигізді»-деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында.

Мемлекет басшысы әрбір Жолдауында ұлт денсаулығына ерекше назар аударады. Өйткені ұлттың ұлт болып қалыптасуы денсаулығына тікелей байланысты. Халқымыз да әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп есептеген. Қазіргі дамыған заманда медицина саласының мүмкіндіктері де күн санап артуда. Осы орайда басы ауырып, балтыры сыздаған жанға көмек қолын созып, адам өмірінің арашасы болар ақ халатты абзал жандардың еңбегі орасан зор. Бүгінгі таңда халық саны артқан сайын сала мамандарына деген сұраныс та артып келеді. Ұлт денсаулығының мықты болуы үшін біз медицина сала мамандарының білім алуына мол мүмкіндік жасап, кәсіби шеберлігінің шыңдалуына мол мүмкіндік жасауымыз керек. Ол үшін білім ошақтарында сала мамандарына жеңілдіктер қарастырылып, мол мүмкіндіктер берілсе нұр үстіне нұр. Білім мен білік дағдыларын терең меңгерген маман ұлт денсаулығын іс жүзінде сақтандыруға бір кісідей ат салысады деп ойлаймын.

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT