Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді
(0 Votes)

 Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Атырау қаласы полиция басқармасының Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Айгерім Орақбаева Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында полиция қызметкері нормативтік-құқықтық актілер мен Қылмыстық кодекстің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты баптарын жан-жақты түсіндірді. 

Сонымен қатар, қатысушыларға тұрмыстық қылмыстардың статистикасы нақты мысалдар арқылы ұсынылды. Мемлекеттік қызметшілер зорлық-зомбылық құрбаны болған жағдайда жасалуы тиіс әрекеттер туралы толық ақпаратпен таныстырылды. Оларға мемлекет тарапынан кепілдендірілген көмек алу жолдары да егжей-тегжейлі баяндалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT