Учаскелік полиция инспекторлары аудан көлемінде өзі қамтитын әкімшілік аумақтарында зорлық-зомбылыққа душар болған, яғни есепте тұрған жайсыз отбасыларын тексеріп, рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, тұрғылықты мекен-жайларына барып профилактикалық әңгімелер жүргізеді.
Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстың алдын алу профилактикалық шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық әңгімелесу жүргізіледі. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасалып, қорғау нұсқамасы шығарылып, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам полиция бөліміне жеткізіліп, әкімшілік жаза қолданылады.
Аудан көлеміндегі білім беру ұйымдарында мектеп әкімшіліктерімен және ата-аналармен бірлесіп кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмысын жүргізіп, сенім телефондары жазылған брошюралар таратылып жүр.
Сондай-ақ отбасында заңды некедегі жолдасы алкогольді өнімді шектен тыс пайдаланып, отбасына маза бермей, полиция қызметкерлеріне хабарлама берген азаматшаларға Дағдарыс орталықтарына орналастыру туралы түсінік жұмыстарын жүргізген кезде, азаматшалар орталыққа барудан бас тартады. Олардың бас тартуының бірден бір себебі кенттің тұрғыны болуы, яғни осы өлкеде туып-өсіп, ағайын-тумасының ықпал етуі.
Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жұмыстарын күшейтіп, зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге немесе кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың алдын алу бағытында, кеңес семинарларын және кәсіпорын, ұйымдар мен оқу орындарында зорлық-зомбылық мәселелерді қараумен қоғамдық іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде өткізіліп отырады.
К.Серикбаева,
Мақат АПБ ЖПҚб
ЮПТ КТІЖ инспекторы
полиция капитаны