Тұрғызба ауылының 450 тұрғыны Маңғыстау облысына эвакуацияланды

(0 Votes)

 Жылыой ауданындағы Тұрғызба ауылының тұрғындарын эвакуациялау басталды,- деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы. 

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов ауылдың тұрғындарымен кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізді.

- Алдымен әйелдер, балалар, зейнеткерлер және мүкіндігі шектеулі адамдар көшіріледі. Оларды эвакуациялау үшін ҚТЖ-ның теміржол вагондары мен автокөлік бөлінді. Маңғыстау облысының Ақтау қаласы мен аудандарында эвакуациялық пункттер қаралған,- деді Ж.Қаражанов.

Айта кетейік, Тұрғызба ауылында 3518 адам тұрады. Бүгінгі күнге 450 адам (әйелдер, балалар, зейнеткерлер) көшірілді.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521