«Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы: Атырауда 2 күнде 170 құқық бұзушылық анықталды

«Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы: Атырауда 2 күнде 170 құқық бұзушылық анықталды
(0 Votes)

 Жасөспірім балалардың құқықтарын бұзу, олардың қатысуымен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтау, олардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында Атырау облысы аумағында 14-17 ақпан күндері аралығында “Түнгі қаладағы балалар” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара кезінде ІІО-на 164 жасөспірім жеткізілді. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 5 ата-ана есепке қойылды. Сонымен қатар, іс-шара барысында барлығы 170 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:

- кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау - 19;

-ӘҚБтК-нің 200 бабы бойынша 4 құқық бұзушылық анықталды,

-ӘҚБтК-нің 442-бабы 2 бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) 140 құқық бұзушылық анықталды,

-ӘҚБтК-нің 442-бабы 3 бөлігі бойынша (Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – )7 құқық бұзушылық анықталып, тиісті іс-шаралар қолданылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT