Түнгі кезбелерді анықтау шарасы

(0 Votes)

Мақат ауданы көлемінде 23-25 сәуір аралығында  «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шара барысында  мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандардың шоғырлану орындарын тексеріп, анықтау үшін рейдтік іс-шаралар өткізіледі. Кәмелетке толмағандардың бейтаныс адамдармен мінез-құлық және демалыс орындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстар жүргізіледі.

Аталмыш іс-шараның мақсаты - кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау және алдын алу. Сондай-ақ, құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу.

        

 

Қ.Нұржанов,

 Мақат АПБ ЖПҚб ЮПТ УПИ

КТІЖ инспекторы полиция аға лейтенанты

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT