Желтоқсан айының 3-і мен 5-і аралығында ауданда түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз, тұрғын үй жайлардан тыс жерлерде жүріп, алкогольдік ішімдіктерді пайдаланатын және де тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық жасайтын кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында «Түнгі қала» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.
Жедел профилактикалық іс-шараға қатысуға білім беру мекемесі, аудандық аурухана және жастар ресурстық орталығымен келісіп, жоспар жасақталды.
Іс-шара кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабынын 2 бөлігімен -6 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабынын 3 бөлігімен-1 хаттама толтырылды және де есепте тұрған қолайсыз отбасылар мен әртүрлі санатпен есепте тұрған жасөспірімдердің тұрғылықты мекен-жайларына барып, профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Алдағы уақытта да аудандағы жасөспірімдер арасындағы криминогендік жағдай үнемі бақылауда болып, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытындағы жұмыстар ұйымдастырылып тұрмақ.
Өз тілшіміз