Тәулік бойы дамылсыз еңбек нәтижесінде, Ойыл өзенінің өз арнасынан асып кетуіне жол берілмеді

Тәулік бойы дамылсыз еңбек нәтижесінде, Ойыл өзенінің өз арнасынан асып кетуіне жол берілмеді
(0 Votes)

Қызылқоға ауданы Миялы ауылында су тасқынының алдын алу шаралары Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Жаңабаев Нұрлан Мақсотұлының және Қызылқоға ауданының әкімі Әзмұханов Қанат Қадыржанұлының басшылығымен жүзеге асырылуда.

Айта кету керек, 2024 жылғы 28 наурыздан бастап ауыл тұрғындары, Төтенше жағдайлар департаментінің, аудандық полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері және еріктілер жұмыла әрекет етіп, Ойыл өзені бойындағы бөгеттердің осал жерлерін нығайтып, мыңдаған қап топырақ төсеп, тәулік бойы қауіпті жерлерге бақылау бекеттерін ұйымдастырған болатын.

Бүгінгі күні облыстық әкімдікте және Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде облыстық жедел штабтар және Қызылқоға ауданында аудандық жедел штаб жұмыс істеуде. Ойыл өзенінің су деңгейін бақылау үшін тәулік бойы мониторинг ұйымдастырылды.

Қызылқоға ауданы Миялы ауылының Ойыл өзенінің су деңгейі 4,80 метрге көтерілген болатын.

Қазіргі уақытта Қызылқоға ауданы Миялы ауылында Ойыл өзенінің су деңгейі 4,40 м (0,40 метрге төмендеді) құрайды. Су басу қаупі сейілді.

Тәулік бойы бірлесіп атқарған дамылсыз еңбек нәтижесінде Ойыл өзенінің өз арнасынан асып кетуіне жол берілмеді.

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT