ТУҒАН ЖЕРДІ ТАЗА ҰСТАЙЫҚ!

ТУҒАН ЖЕРДІ ТАЗА ҰСТАЙЫҚ!
(0 Votes)

Ата-бабамыз аманат еткен туған жерімізді таза ұстау – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру – бүгінгі және келер ұрпақ алдындағы қасиетті міндетіміз.

Осы орайда елімізде жарияланған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы біздің ауылымызда да кең көлемде жалғасуда. Мекемелер, мектептер белсене атсалысып, сенбіліктер мен тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл – тек тазалық шарасы ғана емес, бірлігіміз бен ұйымшылдығымыздың көрінісі. Қазіргі таңда ауыл бойынша назар аударатын басты мәселелердің бірі – төрт түліктің көшеде қараусыз, қадағалаусыз жүруі. Бұл жағдай көшелердегі тазалыққа, ауылымыздың  келбетіне кері әсерін тигізіп отыр. Әсіресе, көктемгі кезеңде тұрғындардың күшімен егілген жас көшеттерге зиян келіп, көп еңбектің зая кету қаупі бар. Бұл – тек әкімдік пен жауапты мекемелердің емес, әрбір ауыл тұрғынының да назарында болуы тиіс мәселе. Мал ұстаудың да, көгалдандырудың да мәдениеті болуы керек. Сондықтан ауылдардағы мал иелері заңмен белгіленген тәртіпке бағынып, қараусыз жануарлардың еркін жүруіне жол бермеуі қажет.


Зұлхожа МОЛДАШЕВ,

Тайсойған ауылы

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT