Мемлекет басшысының Goldman Sachs Global Institute президенті Джаред Коэнмен кездесуі – Қазақстанның цифрлық даму мен қаржылық технологиялар саласындағы стратегиялық бағыттарын нақтылай түсті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бен әлемдегі жетекші инвестициялық банктердің бірі – Goldman Sachs арасындағы серіктестіктің маңыздылығына тоқталып, оның жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті. Әсіресе жасанды интеллект пен қаржы экожүйесін цифрландыру бағытындағы ынтымақтастық – еліміздің цифрлық мемлекетке айналу жолындағы маңызды қадам. Джаред Коэн ұсынған Digital Asset Platform тәжірибесі Қазақстан үшін тиімді құрал болары сөзсіз.
Бұл кездесу – еліміздің заманауи қаржы технологияларын меңгеріп, жаһандық нарықпен тығыз ықпалдасуға деген ұмтылысының айқын дәлелі.
С.Халенов,
аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі