“Түнгі қаладағы балалар” іс-шарасы: Атырауда 1 күнде 100-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

(0 Votes)

Жасөспірім балалардың құқықтарын бұзу, олардың қатысуымен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтау, олардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында Атырау облысы аумағында 27-29  шілде күндері аралығында “Түнгі қаладағы балалар” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара кезінде атыраулық полицейлер ІІО-ның есебінде тұрған жасөспірімдер мен жайсыз отбасылардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріп, нашақорлықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратуда.

“Түнгі қаладағы балалар” іс-шарасының бір күнінде барлығы 97 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде:
- кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болу -84;
- кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау - 10;
- кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру бойынша -3 дерек анықталып, тиісті іс-шаралар қолданылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT